Карагандинский высший колледж

booked.net
  • Kazakh (CIS)
  • Русский (РФ)
  • English (UK)

Материалдар

Біздің Береке – тағы да жеңіс тұғырында!

Толығырақ
Қаралды: 1445

   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының 3-курс студенті Мұқатай Береке екі бірдей спорттық турнирдің жеңімпазы атанды. Береке 16 мамырда Теміртау қаласында өткен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қарағанды облысының Спартакиадасында 78 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленсе, Орал қаласында ерлер мен қыздар арасында өткен самбо күресінен және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Ү жазғы спартакиадасында 80 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды жеңіп алды.
   Дзюдодан ҚР-ның спорт шеберлігіне үміткері Берекеге жеңістің жалауын желбіре берер жігерінің арта беруін тілейміз!

150 151

152

«Жігерлі жастар» көшбасшылар лагері

Толығырақ
Қаралды: 1383

   Ағымдағы жылдың 26-28 мамырында Қарағанды облысы Білім басқармасының қолдауымен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жігер» облыстық жастар қозғалысының «Жігерлі жастар» көшбасшылар лагері өтті.
   Лагерь мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарын іске асыру, «бірлік және бәсекеге қабілеттілік» идеялары айналасына жастарды шоғырландыру, жастар бойындағы отансүйгіштікті және белсенді азаматтық ұстанымды арттыру, ынталы жастарға қолдау білдіру.
   Облысымыздың «Жігер» жастар алқалық кеңесінің координаторлары мен белсенді студенттері шақырылған лагерь жұмысына барлығы 30 колледжден 60 студент тартылды.
   Қарқаралы ауданындағы «Жас-Дәурен» жаздық-сауықтыру лагеріне біздің, яғни Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Жігер» жастар алқалық кеңесінің координаторы Бакижанова Жанар Мейрамбекқызы мен колледж белсендісі Жұмабай Ардақ қатысушы ретінде барса, колледждің «Жігер» жастар алқалық кеңесінің төрайымы Бөпежанова Адина шараны ұйымдастырушылардың бірі ретінде барып, лагерьде жоспарланған шараларды сәтті өткізуге өз үлесін қосты.
   Туған табиғаттың таза ауасында ұйымдастырылған әр түрлі шараларда белсенділік танытқаны үшін мадақтамалармен марапатталған колледж атынан қатысушыларымыз тәжірибе алмасуда, бір-бірімен пікір алмасуда алған игі әсерлерінің мол екендігімен бөлісті.

141 142

143

144 145

146 147

148 149

Жазғы Президенттік көпсайыс жеңімпаздары

Толығырақ
Қаралды: 1363

   Ағымдағы жылдың 24-26 мамырында Қарағанды қаласының үш спорттық алаңдарында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күніне арналған жазғы Президенттік көпсайыстан Қарағанды облысының Чемпионаты өтті.
   Чемпионат мақсаты:
- Қазақстан өңірлерінде Президенттік көпсайысты дамыту және насихаттау;
- Салауатты өмір салтын дамыту;
- Халықтың денсаулығына және салауатты өмір салтына арналған Президенттік сынақтарын насихаттау.
   Чемпионат қорытындысы бойынша 35-39 жас аралығындағы ерлер арасында 175 ұпаймен колледж оқытушысы Серік Несіпбекұлы Сейткалиев 1-орынды иеленсе, колледж қызметкері Мұрат Усербаевич Зорбасов 50-59 жас аралығындағы ерлер арасында 1-орынмен марапатталды.
   Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

139 140

Тақырыптық педагогикалық кеңес

Толығырақ
Қаралды: 1400

   Ағымдағы жылдың 23 мамырында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Колледждің білім беру аумағында студенттердің әлеуметтік құзыреттілігін дамытудың жолдары мен құралдары» тақырыбында тақырыптық педагогикалық кеңес өтті. Колледждің білім беру аумағында студенттердің әлеуметтік құзыреттілігін дамытудың жолдары мен құралдарын талқылай отырып, әлеуметтік құзыреттілік жайлы білім кеңістіктерін жаңарту мақсатындағы кеңесте тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары М.Б.Кабылова аталмыш тақырыпқа сәйкес баяндама оқып, оқытушылармен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырды. Колледж психологы А.С.Касым «Колледж студенттерінің әлеуметтік құзыреттілігі деңгейін анықтау» тақырыбындағы колледж студенттерінен алынған зерттеу жұмысының қорытындысы жайлы сөз қозғады. Оқытушылармен атқарылған жұмыстар барысында тұлғаның әлеуметтік қалыптастыру жолдары, әдіс-тәсілдері, колледжде аталмыш мақсаттағы жұмыстарды атқарудағы мықты жақтары мен әлсіз тұстары талқыланды.
   Педкеңес шығармашылық, іскерлік мазмұнда өтті. Кеңес шешімі ретінде оқу-тәрбиелеу жұмысында тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерін көбейтіп, жандандыру секілді жұмыс түрлері ұсынылып, ол оқытушылар тарапынан бір ауыздан қабылданды.

130 131

132 133

134 135

136 137

Біздің студент – облыстық «Болашаққа бағдар» жобалар байқауының жеңімпазы

Толығырақ
Қаралды: 1378

   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Физика мұғалімі» мамандығының ФЗ-17-1 тобының студенті Мұсағұл Гүлжанат облыстық «Болашаққа бағдар» жобалар байқауының жеңімпазы атанды. Байқау Қарағанды облысының физика, математика оқытушыларының оқу-әдістемелік бірлестігінің және Қарағанды банк колледжінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 мамырында аталмыш колледж ғимаратында өтті. Өңіріміздегі талантты және белсенді студенттердің ғылыми-зерттеушілік, заманауи ізденіс жұмыстарын қолдау және зерттеушілікке ынталандыру мақсатында өткен жобалар байқауында колледжіміздің студенті Мұсағұл Гүлжанат ғылыми жетекшісі Сырбаева Назгүл Борашқызының жетекшілігімен физика пәнінен зерттеу жобасын көпшілік назарына ұсынып, жүлделі ІІ орынмен марапатталды.
   Жеңіс құтты болсын!

129

«KazRobotics» федерациясы Алғыс хат жолдады

Толығырақ
Қаралды: 1495

   «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «KazRobotics» федерациясы президенті Айжан Ахмеджановна Жекеева Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің директоры Ғайни Баймағамбетқызы Мамраеваға Алғыс хат жолдады. Алғыс хатта: «Робототехника саласындағы KazRobotics сайыстарын өткізуге зор үлес қосқаныңыз үшін алғысымды білдіремін» делінген.
    Айта кету керек, қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «KazRobotics» федерациясы роботтық техниканы дамыту мақсатында іс-шаралар өткізу туралы ұсынысын алғаш болып қабылдаған Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі болатын. Осының негізінде 2017 жылы колледж және аталмыш федерация арасында Қазақстан Республикасының робототехникасын дамытуда ынтымақтасуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы меморандум аясында колледж аталмыш федерациямен жемісті еңбек етіп, робототехниканы дамытуға үлес қосып келеді.

128

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жеңімпазы

Толығырақ
Қаралды: 1479

   Ағымдағы жылдың 17 мамырында Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінде аталмыш колледждің ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ғылым және білім» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің атынан қатысқан педагогика, психология пәндерінің оқытушысы Алия Канатовна Тусупбаева «Жеткіншектердің тұлғалық және психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамамен қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
   Сонымен қатар Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжі «Bolashaq» колледжі әкімдігіне Алғыс хат жолдады. Онда: «Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мазмұнды баяндама ұсынғаны үшін шынайы алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектегі, ғылыми бастамаларда шығармашылық табыс тілейміз!» делінген.
   Жүлдегер оқытушымыз Алия Канатовнаны жеңісімен құттықтап, оқу-ағарту ісіне толағай табыстар тілейміз!

119

120 121

122

«Абай оқуы-2019»

Толығырақ
Қаралды: 1694

   2019 жылдың 17 мамырында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында өткен байқауға 17-29 жас аралығындағы үміткерлер қатысты.
   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің атынан қатысқан «Математика мұғалімі» мамандығының ІҮ курс студенті Рахатжан Рийған жүлделі ІІІ орын иеленсе, «Бастауыш білім беру» мамандығының І курс студенті Мауратқызы Жансая Алғыс хатпен марапатталды.
     Жеңімпаздарымызды және жетекшілері Макетова Ардак Рымхановна, Тусупова Гулден Капановна мен Кабылова Меруерт Блялқызын жетістіктерімен құттықтаймыз!

115

116

117 118

Облыстық «Жаңа ғасыр жастары» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары

Толығырақ
Қаралды: 1492

   Ағымдағы жылдың 16 мамырында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Серпін» жас ақындар үйірмесі мүшелері Сайранов Нұрсұлтан мен Шакарова Әйгерім облыстық «Жаңа ғасыр жастары» жас ақындар мүшәйрасынан жеңіспен оралды. Мүшәйра «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Жастар жылы аясында Қарағанды қаласының 85 жылдығына, белгілі ақын, жазушы, алаш қайраткері С.Сейфуллиннің 125 жылдығына және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Машина жасау және Сәулет-құрылыс факультеттерінің 60 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Колледж студенттері мен мектеп оқушыларының өлеңге таласы бар өнерпаздарының ішінен біздің колледжіміздің студенттері, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының І курс студенті Сайранов Нұрсұлтан жүлделі ІІІ орынды иеленсе, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының І курс студенті Шакарова Әйгерім жүлделі І орынмен марапатталды.
   Жеңімпаздардың қаламын ұштап, өлеңге деген құштарлықтарын арттырған жетекшілері, колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Серпін» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Ілияс Дүнгенбайұлы Мұхаевты және жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

113

114

Біздің оқытушылар – «Үздік әдістемелік әзірлеме» байқауы жүлдегерлері

Толығырақ
Қаралды: 1519

    2019 жылдың 14 мамырында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің облыстық әдістемелік бірлестігі жоспарына сәйкес қоғамтану пәнінің оқытушылары арасында облыстық «Үздік әдістемелік әзірлеме» байқауы өтті.
    Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы іріктеу кезеңінде сарапшылар алқасының ұйғарымымен ұсынылған жұмыстардың ішінен 11 әдістемелік жұмыс байқаудың екінші кезеңіне өтті. Осы 11 жұмыстың ішінде біздің, яғни Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі оқытушыларының да жұмыстары іріктеліп өткен еді. Байқау қорытындысы бойынша оқытушыларымыз Айгуль Амирхановна Жаканбаева мен Айгерим Арыслановна Ахатова жүлделі ІІ орынды иеленсе, Кристина Анатольевна Шалтабаева ІІІ орынды қанжығасына байлады.
    Кәсіби байқауда өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін биік дәрежеде көрсете білген оқытушыларымызды жеңістерімен құттықтап, ілкімдегі істеріне сәттілік тілейміз!

 111 112

Ұзындыққа жүгіруден жеңімпаз атанды

Толығырақ
Қаралды: 1455

    2019 жылдың 10 мамырында қалалық орталық саябақта дәстүрлі жазғы жеңілатлетика сайысы өтті.
   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі студенттерінен құралған қыздар командасының аталмыш сайыста 500 метр ұзындыққа жүгіруден баптары да, бақтары да келісті болып, жүлделі І орынды иеленді. Жүлдегер студенттерімізді мақтанышпен атап өтсек: Губанова Инна (ФК-16-2), Савельева Диана (ФК-16-2), Качалова Карина (ФК-18-2), Абилкасова Назира (ДМ-18-1), Половикова Наталья (ФК-17-2). Жетекшісі – дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Серік Несіпбекұлы Сейткалиев.
    Жеңіс құтты болсын!

110

Ардақты әлеумет!

Толығырақ
Қаралды: 1469

   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн - адамзаттың аңсап күткен күні, жеңістің туын тіккен күні. Азаттық күрестің айбынды күні. Құдды бір көрген түске айналған сонау нәубет жылдар талай боздақтардың арманын күл-талқан еткен еді. Бірақ олардың жігерлері жасымады. Қолдарына қару алып, елін-жерін қасық қандары қалғанша қорғады. Бұл жылдар –«Ұлы Отан соғысы» деген айдармен тарих беттерінде қалды. Міне, биылғы жылы сол нәубет жылдардың басталып, қара орман халықтың басына қаралы күн туғанына - 78 жыл, ал Жеңіс таңының атқанына 74 жыл толып отыр. Қаралы күндерде қазалы жұрттың жігерін жасытпай, сағын сындырмай, арының тапталмауын, ұжданының ұйықтамауын тілеген Ерлеріміздің ерлігі – жас ұрпақ жадында жыл сайын жаңғырып, құрмет арта бермек. Отан үшін отқа түскен ерлерімізге және бүгінгі таңда азайып санаулы ғана қалған құрметті ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.
    Құрметті отандастар! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отанымыз аман, бейбіт өміріміз баянды болсын!

109

«KazRoboSport - 2019» және «KazRoboProject - 2019»

Толығырақ
Қаралды: 1456

    Қазақстан үшін өте кенже дамып келе жатқан жас сала болып табылатын робототехника - электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Қазақстан спорт және білім беру «KazRobotics» робототехника федерациясы роботтық техниканы дамыту мақсатында іс-шаралар өткізу туралы ұсынысын алғаш болып қабылдаған Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі болатын. Осының негізінде 2017 жылы колледж және Қазақстан спорт және білім беру «KazRobotics» робототехника федерациясы арасында Қазақстан Республикасының робототехникасын дамытуда ынтымақтасуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы меморандум аясында колледж аталмыш федерациямен жемісті еңбек етіп, робототехниканы дамытуға үлес қосып келеді.
    2019 жылдың 4 мамырында аталмыш Қазақстан спорт және білім беру «KazRobotics» робототехника федерациясы мен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұйымдастыруымен және Қарағанды облысының Білім басқармасы мен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Республикалық «Kazrobosport-2019» чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі мен робототехника бойынша облыстық «Kazroboproject-2019» атты ғылыми-техникалық жобалардың іріктеу кезеңі өткізілді. Бұл шара колледж ұйымдастыруымен үшінші мәрте өтіп отыр.
     Бұл жылы облыстың орта мектептері мен колледждерінің білім алушылардан құралған барлығы 224 команда, 484 қатысушы қатысты. Командалар чемпионат ережесі бойынша 8 категория 3 лигаға бөлініп бақ сынаса, ғылыми- техникалық конкурсы бойынша өздерінің шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Осы сыннан сүрінбей өткен командалар мен қатысушыларға республикалық кезеңге жолдама беру көзделген.
    Шара мақсаты - роботтық техниканы дамытып жатқан білім ұйымдарына көмек көрсету, Қазақстандық оқытушыларға, жас ғалымдарға, роботтық техникамен айналысатын оқушылар мен студенттерге қолдау көрсету.
    «Bolashaq» колледжі роботтық техниканы дамытып, студент бойында роботтық техникамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда белсенділік танытып, осы мақсатта өткен түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып келеді. Бұл жұмысты колледж директорының АКТ жөніндегі орынбасары Абылай Тулегенұлы Тусупбаев жемісті жүргізіп келеді. Бұл жолы да роботтық техникадан бақ сынасқан студенттеріміз жеңіс тұғырынан көріне білді.
    Байқау нәтижесінде біздің колледж намысын қорғаған төмендегі студенттеріміз жеңімпаздар тұғырынан табылды:
«Робосумо» санатында 1-орын - Мұсағұл Гүлжанат пен Оңалбекова Диана;
«Лабиринт» санатында 2-орын - Бердин Бердибек пен Қуантай Сұлтан;
«Робосумо» санатында 2-орын - Карыбаев Тұрар пен Боранбай Талғатбек.
     Жеңімпаз студенттерімізді жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!

090 091

092 093

094 095

096 097

098 099

100 101

103 104

105 106

107 108

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отанқорғаушылары күні

Толығырақ
Қаралды: 1451

   Құрметті жерлестер! Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отанқорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн – Алаш жұртының айбынды күні. 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Сондықтан да бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан, «7 мамыр – Отанқорғаушылар күні» деп жарияланды. Елбасының бұл шешімі өскелең ұрпақтың бойына отан қорғау ұғымын сіңіру үшін қызмет етеді. Ендеше мәні мен мағынасы терең 7 мамыр мерекесі құтты болсын! Ел өздерінің тыныштығын күзеткен, татулықты ту еткен, Отанымызды дүр еткен, туған жерді гүл еткен айбынды Алаш ұлдарымен мақтанады. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын!

089

Колледж Ерлері ұлықталды

Толығырақ
Қаралды: 1534

    Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің әйелдер қауымы 2019 жылдың 6 мамыр күні колледждің Ерлер қауымын 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отанқорғаушылар мерекесімен құттықтады. Мерекелік құттықтау колледждің акт залында үлкен концерттік шара болып ұйымдастырылды. Оқу орнының нәзік жандылары шынайы жүректерінен шыққан жүрекжарды тілектерін айтып, ән шырқады, би биледі. Әзіл мен шыны аралас ойындар ұйымдастырып, ерлер қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады.
    Ал колледжіміздің ер балалары мерекелік құттықтауды 2 мамыр күні қабылдады. 1-4 курстың қыз балалар өз жүректерінен шыққан ақжарма тілектері мен әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Ер балаларға арналған ойындар ойнатып, мерекелік көңіл күй сыйлай білді.
    Колледж ұжымы қазақстандық барша Ерлер қауымын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды. Ел айбынын асқақтататын Ерлерімізге зор денсаулық, қажымас қайрат, жасымас жігер тілейміз!

074 075

076 077

078 079

080 081


088

084 085

086 087

 

Жеңіл атлетика эстафетасы жеңімпаздары

Толығырақ
Қаралды: 1467

   Үстіміздегі жылдың 4 мамырында Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейтойына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғанына 27 жыл толуына арналған «Индустриалды Қарағанды» облыстық газеті жүлдесі тігілген дәстүрлі көктемдік жеңіл атлетика эстафетасы өтті.
    Шахтерлер даңғылы мен Республика даңғылын жүгіріп өтуді жоспарлаған жеңілатлетшілер эстафетасы қаламыздың оңтүстік-шығысында орналасқан Достық үйі алаңында өткізілді. Жеңіл атлетика эстафетасы – Қарағанды қаласындағы ең ауқымды спорттық шара. 1945жылдың мамыр айынан бастау алған бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жылы 205-ке жуық команда қатысқан шарада барлығы 3000 қатысушы болды.
    Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің атынан қатысқан студенттеріміз – жыл сайын үздіксіз аталмыш жарысқа қатысушылар әрі бірнеше дүркін жеңімпаздары.
   Облыс колледждері күш сынасқан сайыста үкілеп қосқан қыздарымыз күміс жүлдегер атанса, ер балаларымыз қола жүлдегер атанып, бұл жылы да колледж үмітін ақтады.
     Студенттерімізді баптаған жетекшілері: Шотаев Т.Д., Сейткалиев С.Н., Ильяшов М.Б., Сулеймен А.Е., Абикеева З.К., Буркитсетер Н.Б., Избасаров Е.Е.
      Жеңіс құтты болсын!

071 072

073

«The World of languages» байқауы

Толығырақ
Қаралды: 1443

     2015-2016 оқу жылынан бастап үштілділік бойынша аймақтық жобаға қатысып келе жатқан Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі тілді тереңірек үйренуге ғана емес, сонымен қатар көзделген мақсатқа жету үшін маңызды шарттарының бірі ретінде көп тілді ортаны құруға үлкен көңіл бөледі.
     Колледждің шетел тілі кафедрасы екінші жыл қатарынан «Колледж жағдайында үш тілді білім беруді жүзеге асыруда педагогикалық дайындығын қалыптастыру» жобасының аясында Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, «The World of languages» атты тілдік емес мамандықтардың студенттеріне арналған облыстық конкурс өткізді. Шара 2019 жылдың 3 мамырында колледждің акт залында ұйымдастырылды. Конкурсқа облыс бойынша 11 колледж қатысты.
      «The world of languages» байқау мақсаты:
- студенттердің тілін, қарым-қатынасын және әлеуметтік құзыреттілігін дамыту;
- студенттердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруін белсендіру;
- шет тілдерін меңгеруге және үйренуге ынталандыру;
- ең шығармашылық студенттерді анықтау үшін бәсекелес ортаны құру.
     Жүргізуші студенттер салтанатты түрде үш тілде конкурстың басталуын жариялады, содан кейін ОӘО-ның әдіскері Кнашина Айнұр Ахатовна құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде осындай жарыстардың қажеттілігін атап өтті, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, командаларға сәттілік тіледі.
    Байқау үш бөлімнен құралды. Сырттай түрде өткен байқаудың «The world of my profession» атты байқаудың 1-бөлімінде командалар ағылшын тілінде таныстырылған өз мамандығы туралы бейнеролик ұсынды.
   1-бөлімнен іріктеліп өткен командалар келесі «Wonderland» атты бөлімде үш тілде викториналық сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар келесі тақырыптарды құрады: өлкетану, мәдениет және дәстүр, наным-сенім, танымал тұлғалар, тіл ерекшеліктері.
    «Dubbing» атты байқаудың 3-бөлімінде ағылшын тілінде ұсынылған мультфильмдерді қазақ, орыс тілдерінде дыбыстандыру тапсырмасы өте қызықты әрі тартымды өтті.
    Сөйтіп, байқау қорынытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:
1 -орын – Жезқазған технология және сервис колледжі;
2-орын – Жезқазған қаласының медициналық колледжі;
3-орын – Теміртау кәсіби-техникалық колледжі.
    Барлық қатысушылар қатысушы сертификаттарына ие болды, ал жеңімпаздар мадақтамалар марапатталса, жеңімпаз жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

067 068

069 070

Мансап күні

Толығырақ
Қаралды: 1444

   2019 жылдың мамыр айының 2-жұлдызында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде түлектерімізді жұмыспен қамту мақсатындағы «Мансап күні» шарасы өтті. Шараны Қарағанды облысының Білім басқармасының қолдауымен колледждің өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі директордың орынбасары С.К.Даулетбаева ұйымдастырды.
   Шарада «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының бітіруші түлектеріне еңбек нарығында өзіндік орын алуға, өз мамандықтары бойынша қызмет саласын таңдауға зор мүмкіндік туды. Биылғы жылы бұл мамандық бойынша күндізгі бөлімде – 53 түлек өмірлік жолдамалары – дипломдарын алып, қанаттанғалы отыр.
   Шара қонақтары ретінде қалалық білім бөлімінің мамандары, қаламыздың 30 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен әдіскерлері, оқытушылар қатысып, аталмыш мамандықтың 4-курс студенттерінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық қабілеттерін барынша көрсетуге тырысқан презентацияларын тамашалады. Шараның жалғасында жұмыс ұсынушы тараптар түлектерге сұрақтар қойып, олармен пікірлесті. Нәтижесінде жұмыс ұсынушылар көптеген студенттердің ақпараттарын алып, нақты жұмыс орнымен қамтитындықтарын атап айтты.

065 066

«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары

Толығырақ
Қаралды: 1674

   Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің оқытушылары PLANET Skills Халықаралық ағартушылық жобасы негізіндегі Республикалық қашықтықтан өткен «Үздік педагог - 2019» кәсіби байқауына қатысып, жүлдегер атанды. «Ашық сабақ» номинациясы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, сырттай оқу бөлімінің әдіскері Галия Абдрахмановна Хасенованың «Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабағы жүлделі І орынды иеленсе, «Сыныптан тыс іс-шараның әзірлемесі» номинациясы бойынша қазақ тілінің оқытушылары Лайла Сериковна Тюлемисова мен Гулден Капановна Тусупованың «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» тақырыбындағы әдеби-сазды кешінің әзірлемесі де І дәрежелі дипломмен марапатталды.
   Жеңімпаздарды құттықтап, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ілкімді істеріне береке тілейміз!

063064

«Bolashaq juldyzdary - 2019» фестивалі

Толығырақ
Қаралды: 1505

    2019 жылдың сәуірдің соңғы күні дарындылар мен таланттыларға орда болған
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі жыл сайын дәл осы сәруәр сәуір айында ұйымдасытратын дәстүрлі «Bolashaq juldyzdary» ән фестивалі өтті. Осымен сегізінші мәрте жалауын желбіретіп тұрған ән фестивалінің негізгі идеясының авторы – колледж директоры Ғайни Баймағамбетқызы Мамраева. «Bolashaq juldyzdary» фестивалі – студенттердің шығармашылық ізденістерін жетілдіру, студенттер мен оқытушылар арасында шығармашылық байланыс орнату, жастардың бойындағы таланттарын қолдау мақсатында құрылған жоба. Фестиваль колледждің шығармашыл жастарының жылдық есеп беру концерті ретінде ұйымдастырылып келеді. Әр жыл сайын белгілі бір тақырыпты арқау ететін фестиваль бұл жолы «Ескі кинофильмдер парақтарынан» деп айдарланды. Яғни биылғы жылдың өзекті тақырыбы Жастар жылын өзек етіп, ескірмейтін ескі кинофильм әндерін оқытушы мен студент бірлесе орындай отырып, ескі мен жаңаның берік байланысын қалыптастыру, тарихымызға құрметпен қарауға баулу негізгі бағыт болып табылды.
    Шарада оқытушы мен студент бірлесіп, сүйікті кинофильмдер әндерін ерекше ықыласпен орындаса, колледждің түрлі үйірме мүшелері колледж қабырғасында жүріп, жыл бойы үйреніп-сіңірген өз өнерлерін ортаға салды. Колледждің вокал үйірмесінің жетекшісі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Гүлдана Мақшонова мен Айдаров Әділжан «Менің сүйікті дәрігерім» кинофильміндегі әндерден попурри нақышына келтіре шырқаса, математика пәнінің оқытушысы Шалгимбаева Аяна Адамбаевна мен Төлеуқазықызы Жұлдыз Л.Гайдайдың «Кавказская пленница» кинофильміндегі «Песня о медведях» әнін орындады. Мектепке дейінгі білім беру оқытушысы Изотова Елена Валерьевна мен студент Рахатжан Рийган Л.Гайдайдың «Бриллиантовая рука» кинофильмінен «Помоги мне» әнін, педагогика пәнінің оқытушысы Тусупбаева Алия Қанатқызы мен Алпысбаева Ақбота Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» кинофильмінен попурри айтты, ал дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Абикеева Зарина мен Нұрмұхан Аяжан болса Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» кинофильмінен «Одиссей» әнін бірлесе шырқады. Мектепке дейінгі білім беру оқытушысы Еркинова Зульфия Амангельдиевна мен Бауыржан Базарбаев үнді әндерінен попурри айтса, көркемдік жетекші Ырысбай Айдын Дайырұлы мен Бейсенбекова Айгерім «Карнавал» кинофильмінен «Позвони мне,позвони» әнін жоғары дәрежеде орындап шықты. Сонымен қатар домбыра ансамблі Омаров Қайрат Қайырбекұлының жетекшілігімен Құрманғазының «Әлқисса» күйін күмбірлете төксе, Бакижанова Жанар Мейрамбекқызының жетекшілігіндегі колледждің «Кербез» би тобы мен «RED BANANAS» би тобы мың бұрала билеп, көрермендерді би әлеміне жетелесе, Байзыкенова Андрамеданың әні мен Әбіш Жомарт Сүлейменұлының жетекшілігіндегі студенттеріміздің жайдарман командасы әдемі әзілдерімен тыңдармандар көңілін жадыратты. Шарада колледжде бірнеше жыл қатарынан еңбек еткен Серік Нұрабайұлы Карипов арнайы қонақ ретінде келіп, колледж студенті Серікбаева Айжанмен бірлесе ән шырқады. Сонымен қатар колледждің әлеуметтік серіктесі «Болашақ» Академиясының студенттері Каримбаев Азамат пен Бацунова Екатерина әсем әндерін бірлесе шырқады. Шара шымылдығын колледждің вокал үйірмесінің орындаған колледж гимні жапты.
    Шара жоғары деңгейде өтіп, өз көздеген мақсатына жетті. Осы шараның арқасында оқытушы мен студент арасындағы ынтымақтастық пен шығармашылықтың алтын көпірі нығайды.

043 044

045 046

047 048

049 051

052 053

054 055

056 057

059 060

061 062

ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ

409

ҚАЖЕТТІ СІЛТЕМЕЛЕР

353 368

367 379

 377 378

013014

 822

574

270

 

 

 

Карта

Перейти к большой карте

© 2019 Карагандинский высший колледж "Bolashaq"

Scroll